Біздің колледж Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған аудан әкімдігі мен Алматы қаржы-экономикалық колледжінің ұйымдастыруымен өткен «Ұлттық ойындар жарысы» спорттық іс-шарасына қатысып, жоғары нәтиже көрсетіп, 1-орынға ие болды!
Бұл жеңіс – біздің студенттердің мықты дайындығы мен бірлігінің дәлелі. Ұлттық рухты дәріптеп, салт-дәстүрімізді ұлықтайтын осындай шаралар жастарға рух береді. Барша жеңімпаздарды құттықтаймыз! 🇰🇿💪
