Біздің колледжде ««Жасанды интеллект білімде: көмекші немесе қатер көзі»» тақырыбында студенттік конференция өтті.
1-2 курс студенттері өз мақалаларын ұсынып, жасанды интеллекттің қазіргі білім берудегі рөлі туралы пікір алмасты.
Талқылау өте мазмұнды әрі өзекті болды — қатысушылар ЖИ-дің оқу үдерісіндегі артықшылықтары мен қауіп-қатерлерін жан-жақты қарастырды.
Белсенді қатысқандарыңыз үшін баршаңызға алғыс білдіреміз!
