Біздің колледжде 2-курс студенттері арасында «МЕЙІРІМДІ ЖҮРЕК ЖАНДАР» атты байқау өтті.
Байқаудың мақсаты – болашақ мамандардың кәсіби шеберлігін арттыру, адамгершілік қасиеттерін дәріптеу және таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілігін нығайту.
Студенттер өздерінің білімдерін, шығармашылық қабілеттерін және мейірімділікке толы жүректерін көрсетіп, тамаша өнер көрсетті.
Барлық қатысушыларға алғысымызды білдіреміз! Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
