Өткен сенбіде біздің колледждің студенттері Алмалы ауданындағы сенбілікке белсенді қатысты. Қоршаған ортаны таза ұстау – әрбіріміздің борышымыз. Студенттеріміз көшелерді тазалап, жасыл желектерге күтім жасап, қала экологиясына өз үлестерін қосты. Осындай игі шараларға қатысу жастардың азаматтық жауапкершілігін арттырады. Барша қатысқан студенттерге алғыс білдіреміз!
