Жақсылық жасау — әрадамның парызы ! 🌟
Бүгін 309-топпен колледжімізде өткізген тәрбие сабағымызда осы маңызды тақырыпты талқыладық. Жақсылық жасау – тек біреуге көмектесу емес, бұл біздің қоғамымызды, айналамыздағы адамдарды жақсартуға бағытталған үлкен жауапкершілік.
Сабақ барысында біз жақсылықтың құндылығын, оның адам өміріндегі рөлін және қоғамдағы әсерін талқыладық. Жақсылық жасау арқылы біз бір-бірімізге қолдау көрсетіп, мейірімділік пен түсіністік орнатамыз. Әрбір кішкентай ісіміз – үлкен өзгерістерге жол ашады.
Бізді қоршаған әлемді жақсарту үшін әрқайсымыздың үлесіміз маңызды. Сондықтан, бүгінгі сабақтан алған білімімізді өмірде қолдануға шақырамыз! 💖
Және кураторымыз Ақниет Болатбекқызымен бірге Ә. Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі барып, мемлекетіміздің өткене, өнере, суретшілеріміздің туындыларына шолу жасадық
