Жалпы білім беретін пәндер бірлестігі аясында ұйымдастырылған «Ұшқыр ой» атты викториналық ойын өткізілді. Ойынның максаты студенттердің білімдерін шыңдау, пәндерге деген қызығушылығын арттыру, тапқырлық пен логикалық ойлау қабілетін дамыту. Сонымен қатар, студенттердің достық қарым-қатынасын қалыптастырып, командалық жұмысқа үйрету. Викторина тартымды форматта, ойын элементтерімен безендіріліп, көрермендер мен жанкүйерлердің де белсенді қатысуына мүмкіндік жасады.
